Көктемгі тасқын кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы лық толды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі уақытта «Қазсушар» филиалы суару маусымына дайындалып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды.

Ал Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады.

Жалпы алғанда Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалына қарасты су қоймалары 328 млн текше метр тасқын су жинады.

Қазіргі уақытта филиал суару маусымына дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен су алуға өтінімдер жиналып, су беру туралы келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар каналдарды тазалау, су есептегіш құралдарды орнату және су бекеттерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қарағанды филиалының нысандарында көктемгі тасқын кезеңі қалыпты жағдайда өтті. Бұл – алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі», – деді Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Муслим Аққожин.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз саяхат: сенімді туроператорлар мен турагенттерді қалай таңдауға болады

Новости партнеров