Мамандар республикалық семинарда бас қосты
Еліміздің бірнеше өңірінен жиналған балабақша тәрбиешілері республикалық семинарда бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда өткен іс-шарада сингапурлық тәжірибе аясында қол моторикасын дамыту арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру мүмкіндігі сөз болды. Қалалық № 1 бөбекжайда бүлдіршіндер түрлі қалдықтар мен қатты заттардан бұйымдар жасап шығарады. Мамандар "әдіс балалардың кез келген іске тез бейімделуіне септігін тигізеді" дейді. Ал семинарға қатысушылар халықаралық тәжірибені балабақшаларында да жалғастыруды көздеп отыр.
"Қалдықтарды қайтадан жандандыру ісін тәрбиешілер атқарып жатыр. Балалардың қабылдауы өте керемет. Әр нәрсені пайдаланып көреді, ештеңеден қорықпайды. Оларды жан-жақты дамыту мақсатында озық тәжірибе алып келдік", – деді Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы Мәншүк Зейітова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жас мамандардың шеберлігін шыңдайтын құзыреттілік орталығы ашылды