Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді
Almaty.tv
Жол учаскелерін 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
24 ақпан күні сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қостанай облысы:
- «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
- «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы – Бұзылық ауылы);
- «Жезқазған – Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы – Сұрған ауылы).
«ҚазАвтожолдың» баспасөз қызметі мәлімдеуінше, жол учаскелерін 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Қызылордада тәртіп сақшылары түнгі клубтағы заңсыз сақталған заттарды анықтады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17