Көлік кептелісі: Алматыда депутаттар оқу орындарындағы сабақ кестесін өзгертуді ұсынды

Халық қалаулыларының айтуынша, мұндай қадам жолдағы жүктемені азайтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық мәслихат депутаттары көлік кептелісін азайту үшін оқу орындарының жұмыс уақытын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа бастамаға сәйкес, колледждер мен жоғары оқу орындарында сабақ таңғы 7:30-дан басталса, мемлекеттік органдар 8:30-дан 18:00-ге дейін жұмыс істемек. Халық қалаулыларының айтуынша, мұндай қадам жолдағы жүктемені азайтып, тұрғындардың уақытын үнемдеуге, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік бермек.

«Алматы – халық тығыз орналасқан мегаполис. Таңертеңгі уақытта мектепке баратын балалар мен жұмысқа асыққан ата-аналар бір мезгілде жолға шығады. Бұл – қала жолдарына үлкен салмақ түсіреді. Бұнымен қоса, кептеліс ауа сапасына тікелей әсер етеді. Ал жаңа кесте енгізу көліктің қала бойынша біркелкі таралуына, ауаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді. Қала экологиясын жақсартып, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасайды», – деді қалалық мәслихат депутаты Қарашаш Джузеева.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі қаладағы инженерлік желілерді қайта жаңғырту барысымен танысты

Новости партнеров