Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

20.05.2025 10:33

Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр

стоп кадр

Алматы облысында ілбіс (қар барысы) фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне ҚР Қызыл кітабына енгізілген қар барысы тағы да байқалды.

«Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан тауларында жыртқыштар фототұзаққа түсіп қалды