Көлсай маңында туристер мінген көлік аударылып, бір адам қайтыс болды

Depositphotos
Depositphotos

Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған. Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады департаменттен.

Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Павлодарда синтетикалық есірткі тасыған курьер ұсталды

 

Новости партнеров