Миссияның жауапкершілік аймағындағы БҰҰ-ның бақылау бекеттерінде болды
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің (UNDOF) қолбасшысы генерал-майор Анита Асма жеке құрамның кезекті ротациясынан кейін Голан жоталарында қызмет атқарып жатқан қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан ауданға барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сапар барысында ол қазақстандық әскери қызметшілердің қызметті ұйымдастыру тәртібімен танысып, инфрақұрылым нысандарын, инженерлік техниканы, жедел басқару құралдарын қарап шықты.
Сондай-ақ миссияның жауапкершілік аймағындағы БҰҰ-ның бақылау бекеттерінде болды. Генерал-майор Анита Асма ұлттық бітімгерлік контингенттің жеке құрамымен кездесіп, әскери қызметшілермен әңгімелесті. Кездесу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ атысты тоқтату режимін сақтау мен бөліну аймағын бақылау жөніндегі міндеттерді одан әрі орындау мәселелері талқыланды.
Оқи отырыңыз: Әскер қатарында қызмет өтемеген азаматтар арнайы билетті қалай алады