Рудныйда жылу трассасы жарылып кетті

08.11.2024 13:20

Апат салдарынан үйлер жылусыз қалды

Қостанай облысының Рудный қаласында түнде жылу трассасы жарылып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Жерастынан атқылап жатқан су видеоға түсіп қалды. 

Басылым мәліметінше, оқиға Топорков көшесінде болған. Сондай-ақ бұл жылу жолына жаңа құбырлар жақында ғана төселгені айтылды.

Апат салдарынан үйлер жылусыз қалды.

Оқи отырыңыз: Ақмолалық құтқарушылар 2 адамды Аршалы кентіне эвакуациялады