Алматыда алаяқтық әрекеттер жасаған күдікті ұсталды

21.10.2024 14:54

Қазіргі таңда тергеу ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы барына қатысты ақпаратты анықтап жатыр

elements.envato.com

Алматыда алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдікке ілінген 41 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 10 жәбірленуші полицияға арызданған. Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.

Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған. Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде. Қазіргі таңда тергеу ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы барына қатысты ақпаратты анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Ақтауда террористік акт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталды