Ақтауда террористік акт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталды

ҰҚК
ҰҚК

Сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.

Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Оқи отырыңыз: ІІМ: Көлік құралдарын тіркеудің қылмыстық схемасы жойылды

Новости партнеров