Алматыда «Ақжол» демократиялық партиясының қалалық филиал өкілдері жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасын талқылау және алдағы референдумға қатысу жайы қозғалды. Сонымен қатар Ата заңға енгізілген жаңа баптар түсіндіріліп, жастарға саяси өзгерістер бойынша бағыт-бағдар берілді.
«Алматы қалалық филиалында бір топ жастармен, белсенді студенттерімен бірге жиналып Конституциялық реформаны талқыладық. Белгіленген референдум күні халықты белсенді шақыруға, дауыс беруге, жастар арасында насихаттауға, түсіндіру жұмыстарын бірге жүргіземіз», – деді «Ақжол» ҚДП жастар кеңесінің төрағасы Ханза Насруллаев.
Оқи отырыңыз: Конституцияның жаңа жобасында адвокатура институтына ерекше маңыз берілген