Референдумға дейін:
25
күн
14
сағат
0
минут

Қызылордада танысының қыр соңынан қалмаған жігіт түрмеге қамалды

Қызылордалық қыз өміріне қауіп төніп тұрғанын әлеуметтік желіге жариялаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада танысының қыр соңынан қалмаған жігіт түрмеге қамалды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

№ 2 қалалық сотта сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталушы ұнатқан қызын үш жыл бойы аңдып, мазасын алған. Тіпті олардың туыстық қарым-қатынасы да болыпты. Сот үкімімен жігіт 25 тәулікке қамалып, моральдық зиян ретінде 500 мың теңге төлеуге міндеттелді. Процес кезінде жәбірленуші осы жайттың салдарынан қала аумағында емін-еркін жүре алмай, басқа үйге көшуге мәжбүр болғанын айтқан.

Еске салайық, қызылордалық қыз өміріне қауіп төніп тұрғанын әлеуметтік желіге жариялаған.

«Бала мен қыз негізінен құда бала құдаша болып келеді. «Ұнаттым, жақсы көрдім» деген уәж айтып отыр. Кінәсін толық мойындап отыр. Қыз екеуінің арасы 11 жас. Өзі қорқу, үрей орнағанын қазіргі таңда емін-еркін жүре алмайтынын, қандай желі болса да тауып алатынын айтып отыр. 25 тәулікке қамаққа алу жазасы қолданылып, сот залынан қамауға алынды. 500 мың теңге моральдық шығын өндіру үкім етілді», – деді №2 қалалық сот судьясы Жұлдыз Жәкеева.

Оқи отырыңыз: Есірткісіз болашақ: Алматыда есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өтті

Новости партнеров