Конституцияда ғылым мен инновацияның стратегиялық бағыт ретінде айқындалуы – маңызды қадам

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ата заңда білім, ғылым және инновацияны дамытуға ерекше басымдық берілген. Бұл бағыт, әсіресе, цифрлық дәуірде өсіп келе жатқан жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады». Сарапшылардың сөзінше, экономиканы дамыту үшін ең алдымен отандық өнеркәсіпті күшейту қажет, деп хабарлайды Almaty.tv

Ал бұл өз кезегінде ғылым мен инновацияға тікелей байланысты. Осы тұрғыда жаңа Конституцияда ғылым мен инновацияның стратегиялық бағыт ретінде айқындалуы – маңызды қадам.

«Конституцияның іске асуы білім, ғылым, инновацияға, цифрлық замандағы жастардың дамуына серпін береді. Алматы қаласы – білімнің ошағы. Еліміздегі  жетекші оқу орындары шоғырланған қала. Жастардың қаласы. Сол себепті Алматы қаласы үшін осы қабылданып жатқан Конституцияның орны ерекше», – деді Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, қалалық жалпыұлттық коалиция басшысы Мейіржан Отыншиев.

 «Экономикамызды дамытамыз десек, онда отандық өнеркәсіпті дамытуымыз қажет. Ал, отандық өнеркәсіп болуы үшін бізге ғылым-инновация қажет. Сондықтан да, жаңа Конституцияға енгізілген ғылым-инновация стратегиялық бағыты бізді қуантады. Яғни, алдағы уақытта үлкен жетістіктер болады деп үміттенеміз», – деді Satbayev university профессор-зерттеушісі Руслан Нұрлыбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды

 

 

 

     

 

 

 

Новости партнеров