Маңызды басқосуға республикалық, қалалық және облыстық кітапханалардың, білім беру және мәдениет саласының өкілдері қатысты
Ата заңның жаңа жобасы қызу талқыға түсіп жатыр. Ұлттық кітапханада «Конституциялық реформа: қоғам дамуының негізі» тақырыбында өткен жиында ондағы негізгі өзгерістер кеңінен тарқатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңызды басқосуға республикалық, қалалық және облыстық кітапханалардың, білім беру және мәдениет саласының өкілдері қатысты.
«Елімізде елеулі кезең, Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Бір қуантарлығы, ел бей-жай қарамайды. Ойын, пікірін, ұсыныстарын ашық жариялауда. Қазақстан кітапханалар одағының ұйымдастыруыменен Ата заңымызға байланысты дөңгелек үстел өтті. Кітапхана – руханияттың ордасы. Бұл жерде бүкіл мамандық иесі, бүкіл ғылым саласы шоғырланғандықтан кітапханашылар да өз үнін қоғамға қосуға мүдделі деп ойлаймыз», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Қанат Алтынбек
Жиында Ұлттық Құрылтайдың V отырысында айқындалған азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті нығайту бағыттарын насихаттау талқыланды. Қатысушылардың сөзінше, жаңа Конституциядағы адам құқықтары мәселесі терең қаралған. Одан бөлек, цифрлық қауіпсіздікке де ерекше мән берілген.
«Жаңа Конституция жобасының мәтіндеріне тоқталсақ, жалпы негізгі адам құқығы, отбасы құндылықтарына мән берген. Бұрынғы конституцияда кіріктірілмеген адам құқықтарының нормалары осы жаңа Конституцияда айқын көрсетілген. Тиісті мамандар мәтінімен жұмыс жасаған. Қазақстан халықаралық атификацияланған адам құқықтары, әйел, бала құқығы бойынша көптеген заң нормалары көрсетілген», – деді республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры Әлия Сайдембаева.
Оқи отырыңыз: Конституция жеке деректерді, банктік құпияны және зияткерлік меншікті қорғауға кепілдік береді - Гүлнар Бижанова