Конституциялық сотқа азаматтардан 16 мыңнан аса өтініш түскен

02.06.2026 21:41

Конституциялық сот шамамен 600-ге жуық қаулы шығарған

Конституциялық сот құрылғаннан бері азаматтардан 16 мыңнан аса өтініш түскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өтінімдердің басым бөлігі зейнетақы, қылмыстық және әкімшілік заңнама, отбасы және салық мәселелері, сондай-ақ Жоғарғы сот қаулыларының Конституцияға сәйкестігіне қатысты болған. Арыздардың арасында мемлекеттік органның құзыретіне жатпайтын мәселелер де көтерілген. Мәселен, азаматтар көбіне сот шешімдерін жоюды немесе қайта қарауды, сондай-ақ тергеу және құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығын тексеруді сұрап жүгінген.

Конституциялық сот шамамен 600-ге жуық қаулы шығарған. Оның 77-сі түпкілікті шешім ретінде қабылданыпты.

«Қаралған істердің нәтижесі бойынша заңдардың 20 нормасы Конституцияға сәйкес келмейді деп танылды. Конституцияға қайшы деп танылған нормалар күшін жояды немесе оларды қолдану тоқтатылады, соның нәтижесінде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың қосымша кепілдіктері қалыптастырылады», – деді ҚР Конституциялық соты баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ақерке Қасым.

Оқи отырыңыз: Алматыда есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды