Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ел азаматтары шетелге тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда мемлекеттік зейнетақы алуға құқылы ма деген маңызды мәселеге нүкте қойды. Бұл істің қаралуына Шығыс Қазақстан облыстық сотының жолдаған ұсынысы мен жергілікті тұрғынның шағымы себеп болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Шағым иесі Әлеуметтік кодекстің қазіргі нормалары оның конституциялық құқықтарын шектейді деп есептеген. Оның уәжінше, жауапты органдар заңды «мемлекеттік базалық және жасқа байланысты зейнетақы тек Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтарға ғана берілуі тиіс» деп түсіндіріп келген. Шағымданушы бұл талапты Ата заңның 14-бабы мен 28-бабының 1-тармағына қайшы келетін кемсітушілік деп тануды сұрады.
Істің мән-жайын және төлемдердің заңдық табиғатын егжей-тегжейлі зерттеген Конституциялық Сот азаматтардың пайдасына шешім шығарды. Сот төрешілерінің мәлімдеуінше, зейнетақы — адамның белгілі бір жасқа жетуіне және соған байланысты әлеуметтік тұрғыдан осал болуына орай берілетін қолдау. Сондықтан бұл төлем адамның қай елде тұрып жатқанына тәуелді болмауы тиіс.
Конституциялық Соттың негізгі шешімдері:Конституциялық Соттың бұл шешімі әділдікті орнатып, Қазақстан азаматының төлқұжаты адамның әлемнің қай нүктесінде жүргеніне қарамастан, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалуына кепілдік беретінін дәлелдеді.
Оқи отырыңыз: Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды