Конституция - әділет пен парасат жолы: Алматыда кітап көрмесі өтті

24.07.2025 15:36

Биыл Ата заңға – 30 жыл

Биыл Ата заңға – 30 жыл! Конституция күнін тойлауды Алматы қаласы бірінші болып бастап кетті. Бүгін Чехов атындағы орталық кітапханада аталған бағытта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Конституция - әділет пен парасат жолы» деген айдар тағылған іс-шараға белгілі ғалымдар мен заңгерлер, қоғам белсенділері және құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысқан. Жиналғандар қазақ халқының мүддесіне сай шығарылған Қасым ханның қасқа жолынан бастап, Ата-заңымыздың бүгіні мен болашағы туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. Жиын Конституция күніне арналған кітап көрмесіне жалғасты.

«Іс-шараларды талқылап, теориялық тұрғыдан, оны практикалық жағынан бекемдеп өтуі, соған назар аударып отырмыз. Әркімнің көзқарасын және Ата заңды құрметтеуге және оның болашақта әр статьясының жұмыс жасауына ықпал етуге шақырып отырмыз», – деді саясаттанушы Жомарт Симтиков.

Оқи отырыңыз: Биыл 4 мыңға жуық алматылық қоныс тойын тойлайды