Дүйсенбіде тек кезекші орталықтар қызмет көрсетеді
Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты 30 тамызда, яғни сенбі күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
1 қыркүйекте, яғни дүйсенбіде тек кезекші орталықтар мен кезекші мамандандырылған орталықтар қызмет көрсетеді.
«Кезекші орталықтар 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған орталықтар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді», - делінген хабарламада.
2 қыркүйектен бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.
Кезекші орталықтар тізімін осы жерден қарауға болады.
Оқи отырыңыз: Конституцияның 30 жылдығы: Қазақстанда мерейтойлық медаль бекітілді