Елімізде 1700 ауыл мектебі Starlink интернетін қолданып отыр

Бұл туралы Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 1700 ауыл мектебі Starlink интернетін қолданып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, шалғай елдімекендердегі білім ошақтарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға арналған пилоттық жоба сәтті жүзеге асқан. Енді ведомство ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін серверлерді орнатуды қолға алмақ. Сондай-ақ жергілікті әкімдіктермен бірлесіп Starlink орнатылатын жерлерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында түрлі субсидиялау бағдарламалары қарастырылмақ.

«Пилоттық жоба сәтті өтті. Министрлік пен Starlink компаниясы арасында келісім жасалды. Енді олар еліміздің аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсынуды бастайды. 12 маусым күні компания Қазақстанның заңнамасын сай қызмет көрсету міндеттемелерін бекітетін келісімге қол қойды», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун.

Оқи отырыңыз: Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінім қабылдау басталады

Новости партнеров