Көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді

15.05.2025 16:48

Өрт сөндірушілер 12 адамды эвакуациялады

Видеодан кадр

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жалын артынша жоғарғы қабаттың балконына ауысқан.

Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді.

«ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. 1946 жылы туған кейуана жанғыш заттардан уланып, ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ақтаулықтар мектеп пен балалар алаңының арасындағы жүк көліктерінің тұрағы қауіпті екенін айтты