Кореядағы өрттен соң қазақстандық азамат жоғалып кеткен: СІМ пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Зауыттағы өрттен кейін қазақстандық азаматтан хабар жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік БАҚ-та Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Жағдайға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 30 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Ымсон уезі, Мэндон-мён аймағындағы азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шыққан. Бұған дейін кореялық БАҚ өрт ылғал майлықтар мен жөргек шығаратын зауытта болғанын хабарлаған.

"Өрттен кейін бірден 81 қызметкер эвакуацияланды, алайда екі жұмысшының, соның ішінде Қазақстан азаматының қайда екені белгісіз. Полиция мен өртке қарсы қызметтің дерегінше, 31 қаңтарда таңертең өртенген цехтың ішінен жеке басы анықталмаған мәйіт табылды", – делінген жауапта.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, полиция мәйіттің кім екенін нақтылау үшін Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген.

"Қазақстанның Елшілігі полициямен және өрт сөндіру қызметімен, сондай-ақ, жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен байланыста. Мәселе бақылауда", – делінген МИД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Басынан жарақат алып, қан кеткен: Алматы тауында шетелдік әйел құтқарылды

Новости партнеров