Көрнекті ғалым Жекен Мамытов атындағы топырақтану аудиториясы ашылды

02.06.2026 18:10

Жекен Мамытов – биология ғылымдарының докторы, халықаралық экология академиясының академигі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, топырақтанушы профессор Жекен Үмбетқұлұлы Мамытовтың шәкірттерінің бастамасымен топырақтануға мамандандырылған жаңа оқу аудиториясы ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Студенттердің теориялық білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларын қалыптастыруға және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған бұл заманауи білім кеңістігі ресми түрде қолданысқа берілді.

Айта кетейік, Жекен Мамытов – биология ғылымдарының докторы, халықаралық экология академиясының академигі және құрғақ аймақтың тұзды топырақтарын мелиорациялау саласында өзіндік мектеп қалыптастырған танымал ғалым. Ол өз ғылыми жолында КСРО-ның 16 авторлық куәлігі мен патентін иеленіп, оның әзірлеген бірегей технологиясы отандық 100 мың гектардан астам күріш алқабына енгізілген. Сондай-ақ Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты бірнеше мемлекетте далалық сынақтан сәтті өткен.

«Бүгін топырақтануға бағытталған оқу аудиториясы салтанатты түрде ашылды. Ол тек оқу орны емес, сонымен қатар ғылым сабақтастығы және ұстаздың еңбегінің мәңгілік жалғасу символы болмақ», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті профессорының м. а. Гүлнұр Исанова.

Оқи отырыңыз: Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды