Қос бүлдіршінді дәретханаға лақтырған қыз түрмеге қамалмайды

Almaty.tv
Almaty.tv

Түркістан облысында былтыр маусымда бойжеткен өз үйінің ауласындағы әжетханаға көршісінің 3 жасар қызын тастап, қасақана өлтірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында қос бүлдіршінді дәретханаға лақтырып жіберген 16 жастағы қыз түрмеге қамалмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі жасөспірім ресми түрде психикалық дертке шалдыққан деп танылды.

Еске сала кетейік, былтыр маусымда бойжеткен өз үйінің ауласындағы әжетханаға көршісінің 3 жасар қызын тастап, қасақана өлтірген. Бір ай өтпей, екінші ауылдасының 5 жастағы қызын да дәл сол дәретханаға лақтырып, өлтіруге әрекет жасаған. Абырой болғанда, екінші бүлдіршін аман қалды.

 «Қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді», – деді Түркістан облыстық соты баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Заманбек Исмаилов.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинақтарын шешіп беремін: тұрғындарын сан соқтырған алаяқ ұсталды

Новости партнеров