Қосшыда мектеп мұғалімдері төбелесті

Dan Burton/ unsplash.com/
Dan Burton/ unsplash.com/

Екеуі де полицияға шағымданған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қосшылық екі мұғалім мектепте төбелескен, қазір істі полиция қарап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, қос ұстаз арасындағы төбелес сәуірде болған, бірақ полицияға арыз 22 мамырда түскен. Айта кетерлігі, екеуі де полицияға шағымданған.

"2025 жылғы 1 сәуірде Қосшы қаласының тұрғындары арасында болған жанжал фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі (соққы беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады", — деген хабар алдық Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз: Германиялық ерлі-зайыптылар жоғалған мысықты іздеуге 22 мың доллар жұмсады

 

Новости партнеров