Қостанай облысында бір отбасы жол апатынан қаза тапты

Олар - көлік тізгіндеген азамат, 27 жастағы келіншек пен екі жастағы сәби

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі рөлді басқарып келе жатып қалғып кеткен. Салдарынан автомобиль қарсы бағытқа шығып кетіп, ауыр жүк тиелген КамАЗ-бен қақтығысқан. Қатты соққыдан екеуі де өртке ораныпты. Жеңіл көлікте ерлі-зайыпты мен олардың екі жасар баласы отырған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөлік өртенді. ВАЗ 21-де 10-да жүргізуші мен екі жолаушы болған. Көлік тізгіндеген азамат, 27 жастағы келіншек пен екі жасар сәби. Барлығы оқиға орнында көз жұмды», – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Эльмира Испандиярова.

Оқи отырыңыз: Шалғай елдімекендерде 600-ден астам медициналық нысан салынуда

Новости партнеров