Қостанай облысында әкімдік жол жөндеу құнын қымбат көрсетіп, негізсіз қаржы алған

Соның салдарынан жұмыс құны 840 миллион теңгеге өскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында әкімдік жол жөндеу бағасын екі пайызға қымбат көрсетіп, негізсіз қаржы алған. Соның салдарынан жұмыс құны 840 миллион теңгеге өскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ жобалардың қымбаттауына әкеп соққан 8 проценттік ескі норматив қолданылған көрінеді. Ал бекітілген заңнамада мұндай шығындар көзделмесе керек.

Бір қызығы, жыл сайын жөнделетін бұл учаскелердің 20-30 пайызын Жол активтері сапасының ұлттық орталығы тексермепті. 

"Талдау қорытындысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі шарттардың талаптарын қайта қарап, күтпеген шығыстар алынып тасталды, сондай-ақ мердігер ұйымдар 32 млн теңге көлемінде негізсіз алынған қаражатты өтеді. 2025 жылы жөнделетін жолдарды сараптамамен толық қамту жоспарланған", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда білім бөлімінің маманы 60-қа жуық ата-ананы алдап кеткен

Новости партнеров