Қостанай облысында полиция ауласында қарасора өсірген ауыл тұрғынын ұстады

polisia.kz
polisia.kz

Тінту кезінде күдіктінің үйінен қолдан жасалған атыс қаруы табылып, тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында полиция ауласында қарасора өсірген ауыл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны қолға түсті. Арнайы операцияны облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Б.Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізді.

Тінту кезінде күдіктінің үйінен қолдан жасалған атыс қаруы табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл қарудың ойық ұңғылы, яғни атуға жарамды екені анықталды. Бұған қоса ер адамның үй іргесіндегі учаскесінен алты түп қарасора өсімдігі табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 11,5 келіден асқан. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарға ескерту жасайды: атыс қаруын немесе есірткі заттарын заңсыз сақтау — ауыр қылмыс, ол үшін заңмен қатаң жаза қарастырылған.

Оқи отырыңыз:  Аптап ыстық: Түркістанда жол жабыны көтеріліп, жарықтар пайда болды
 

Новости партнеров