Қостанай облысында жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

17.11.2024 12:45

13 жастағы бала балық аулауға шығып, қайтып оралмаған

Қостанай облыстық ТЖД

Қостанай облысында бір күн бұрын балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Қарабалық ауданында 16 қарашада сағат 16:30 шамасында 2011 жылы туған жасөспірім үйінен шығып, Тоғызақ өзеніне балық аулауға кеткен. Алайда жасөспірім сол күйі оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері, ерікті азаматтар жұмылды.

Алайда құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері баланың денесін су бетіне шығарды", - делінген хабарламада.

Қостанай облыстық ТЖД марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін, кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салады.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында ас кезінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты