Қостанай облысында жол апатынан 3 адам зардап шекті

Жарақат алғандар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында жүк көлігі жолаушылар автобусына соғылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат Қостанай - Рудный тас жолында болған. Бүгінде полиция тергеп-тексеруді бастады. Құқықтық шешім оқиғаның мән-жайы толық анықталғаннан кейін және тиісті сараптамалар жүргізілген соң қабылданады. Ал жарақат алғандар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем алады.

«Авария нәтижесінде автобус жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақат алды. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері барлық материалды жинады. Процессуалды шешім барлық мән-жай толық анықталғаннан кейін және тиісті сараптама жүргізілген соң қабылданады», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.

Оқи отырыңыз: Автобусқа жету мұң: Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары медігер жұмысына наразы

Новости партнеров