Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

29.10.2024 19:11

Оқиға 28 қазан күні таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елдімекендерінің арасында болған

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолда көлік апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Қостанай - Әулиекөл - Сұрған республикалық тас жолы Новонежинка және Жусалы елдімекендерінің аралығында болған. Апатқа қалың тұман себеп болған көрінеді. Белгілі болғандай, 59 жастағы жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Оның ішінде отырған 4 адам оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Марқұм болғандар облыс тұрғындары болып шықты.

"Екінші автокөлік жүргізушісі 59 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны, сондай-ақ оның жолаушысы түрлі жарақатпен Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде", – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Елена Магасумова.

Оқи отырыңыз: Алматыда Plastic Reboot акциясы қорытындыланды