Қостанай облысының оңтүстік аудандарында шегіртке қаптап кетті

10.06.2025 19:26

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, жемір жәндік аймақтағы егістік алқаптарына жетпеген

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында шегіртке қаптады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зиянкестер Торғай – Шилі – Милысай бағытындағы тас жол мен сол аумақтағы ен даланы басып алған. Жергілікті жұрттың сөзінше, шегіртке көлік жүргізушілеріне қауіп төндіруі мүмкін. Ал аумақтық инспекция жол бойында химиялық өңдеу жүргізіліп, зиянкестермен күрес қарқын алғанын айтты.

Айта кетейік, облыстық әкімдіктің мәліметінше, жемір жәндік аймақтағы егістік алқаптарына жетпеген.

«Шилі – Торғай тас жолы бойындағы анықталған үйірлі шегіртке, итальяндық прус шегірткелеріне қарсы анықталған ошақтар толығымен жойылды. Қазіргі таңда химиялық жұмыстар әлі жалғасуда. Химиялық жұмыстарға атсалысуға қатынасқан техникалар АН-2 самолеті, 2 газогенератор, екі пилотсыз режимдегі дрондар жұмыс жасауда», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жангелдин аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ерболат Зарыпбаев.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысының тұрғындары ауыз суға зәру