Полиция екі күнде 569 заңбұзушылықты анықтады
Заңсыз тасымалға жол жоқ. Қостанайлық полицейлер көліктерді жаппай тексеріп жатыр. Арнайы рейд жүргізген тәртіп сақшылары екі күнде 500-ден астам заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұсталғандардың басым көпшілігі көлікті сақтандыру полисінсіз басқарып келіпті. Жолаушы тасымалдауға рұқсаты болмаса да такси қызметін атқарып жүргендері де жетерлік. Тіпті «барар жеріңе жеткізіп тастаймын» деп халықтың мазасын алатын жүргізушілер де жазаланған. Ең сорақысы, рөлге мас күйінде отыратындар көп.
«Іс-шараның мақсаты – заңсыз адам тасымалымен айналысатындардың жолын кесу. Екі күнде 569 заңбұзушылықты анықтады. 31 жүргізуші адамды заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланды. Өткен-кеткеннің мазасын алып, такси қызметін ұсынатындарға да хаттама толтырылды», – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Эльмира Испандиярова.
Оқи отырыңыз: Жетісулық дәрігерлер өрттен жеті адамды құтқарды