Жетісулық дәрігерлер өрттен жеті адамды құтқарды

Олар түтінге тұншыққан 5 ересек пен 2 баланы бір-бірден сыртқа шығарған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісулық дәрігерлер қызыл жалын құрсауынан жеті адамды алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға кеше сағат 23:30 шамасында болған. Ескелді аудандық жедел жәрдем фельдшерлері Ғабит Ерғажи, Дамира Рахимова мен жүргізуші Мұрат Сатеков кезекті шақырудан қайтып келе жатқан сәтте, алаулаған үйді байқап қалады. Бригада дереу тоқтап, сиренаны қосып, тұрғындарға ескерту жасауға тырысқан.

Алайда іштен жауап болмаған соң, олар тәуекелге бел буып, есік-терезені ұрып, үй ішіндегі бір адамды оятқан. Содан түтінге тұншыққан 5 ересек пен 2 баланы бір-бірден сыртқа шығарған. Олардың ішінде бесіктегі нәресте де бар. Куәгерлердің сөзінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін от үйді түгел шарпыған.

«Үшеуіміз де барып, терезелерді, есікті қақтық. Үйді айналып алдына барсақ кәдімгідей өртеніп жатыр. 4-5 мин арасында ешкім шықпады. Олар «бізді бұзақылар ма?» деп ойлап қалды. Өртеніп жатқанын түсіндіріп, тез-тез шығардық. Бәрі шыққанан кейін санадық 7 адам болды. Апарып жедел-жәрдем көлігіне отырғыздық», – деді фельдшер Ғабит Ерғажи.

Оқи отырыңыз: Астанадағы өрт: зардап шеккендер жоқ

Новости партнеров