Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Полиция өкілдері пациенттің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Аталған оқиғаға байланысты Қостанай облыстық Полиция департаменті алдын ала дерекке сәйкес, медициналық қызметкердің өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адамның қайтыс болуына байланысты іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 2025 жылғы наурыз айында Қостанайдағы перинаталдық орталықта сәби анасының құрсағында шетінеп кеткен еді. Оның анасы оқиға салдарынан репродуктивтік мүшесінен айырылған.
Туыстары бұл жағдайға медицина қызметкерлерінің салғырттығы себеп болды деп есептейді.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты