ІІМ басшысы қаза болған қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, жазба жариялады
Жетісу облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік апатынан екі полиция қызметікері қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қаза болған қызметкерлердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жазба жариялады.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері - полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстарына, жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», - делінген министрдің желідегі жазбасында.
Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Бүгін кей өңірде жаңбыр жауса, кей өңірде қатты ыстық болады