Қостанайда тікұшақпен жедел медициналық қызмет көрсетілуде

Қостанайдағы санитарлық авиация қызметінің техникалық паркі жаңа тікұшақпен толықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайдағы санитарлық авиация қызметінің техникалық паркі жаңа тікұшақпен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Заманауи әрі ықшам «әуе жедел жәрдемі» шалғай аймақтардағы жағдайы ауыр науқастарды облыс орталығына жылдам тасымалдауға көмек береді. Сала мамандары 3 айдан бері бұл тікұшақтың көмегімен 8 қазақстандыққа жедел медициналық қызмет көрсетіпті. Ал жыл көлемінде дәрігерлер алыстағы ауылдардан 100-ден аса шақырту алады.

 «Әуе кемесінің ұшу қашықтығы 350 шақырым. Біз Қарасу сынды тасқын қаупі күшейген аудандардағы тұрғындарға да көмек бере аламыз. Қажет болса науқастарды облыс орталығына жеткіземіз. Ал жағдайы ауырларын елордадағы ауруханаларға апарамыз», – деді Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Олег Мелешенко.

Тікұшақ қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әуе кемесі науқастарды тасымалдау туралы шешім ерте қабылданған сәтте ғана көкке көтеріледі. Оның бортында кем дегенде екі сала маманы болады. Атап өтерлігі қазір стансаның техникалық паркінде тікұшақтан бөлек ұшақ та бар.

 «Біз санитарлық авиация қызметінің өтініші негізінде жұмыс істейміз. Бұл тікұшақ өте ыңғайлы. Жерге қонғанда да жұмсақтық байқалады. Әуе кемесі АН-2-мен салыстырғанда, жедел-іздестіру, тасқынның алдын алу шараларында өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Ерекшелігі, тікұшақта 200 литр жанар-жағармай сиятын қосымша бак бар», – деді «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ әуе технигі Нұржан Раптаев.

Оқи отырыңыз: Елімізге заңсыз әкелінген смартфондар қымбаттауы мүмкін

 

 

 

Новости партнеров