ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған
Қостанайда құтқарушылар Тобыл өзеніне батып бара жатқан мас ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған.
«Тобыл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар суда мас күйінде болған екі ер адамды байқап қалған. Олардың біреуі досын өз бетінше жағаға шығаруға тырысып жатқан», - делінген хабарламада.
Қауіпті жағдайды көрген құтқарушылар жедел әрекет етіп, бір адам судан жағалауға шығарып үлгерген. Ал екіншісі өзі шыққан.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ведомство өкілдері тәртіп бұзушылар жауапқа тартылатынын ескертті.
ТЖМ тағы да еске салады:
Оқи отырыңыз: Петропавлда жолаушы такси жүргізушісін айуандықпен өлтірген