Петропавлда жолаушы такси жүргізушісін айуандықпен өлтірген

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күдіктінің қамауға алынғаны белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда жолаушы 60 жастағы такси жүргізушісімен жанжалдасып, соңында өлімші етіп соққыға жыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі sm1.kz-ге сілтеме жасап.

Оқиға өткен жексенбіде болған. Осы уақыт бойы дәрігерлер ер адамның өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жергілікті такси жүргізушілерінің айтуынша, жүргізуші жолаушыларды Подгора ауданында алып кеткен. Болжам бойынша жолаушылар мас болған. Көлік салонындағы жанжал ер адамдардың бірі көлікте темекі тұтатуынан басталған.

"Куәлардың айтуынша, жүргізуші ескерту жасап, темекіні алып алған. Сол сәтте жолаушы ерегісіп, екінші шылымын шығарып, тұтатпақ болған. Ауызша басталған жанжал соңы төбелеске ұласқан. Такис жүргізушісі көлігін Алтынсарин көшесінің бойындағы шіркеу маңына тоқтатқанда, далаға шыққан жолаушы жүргізушіні аяусыз соққыға жыққан. Болжам бойынша жүргізуші басымен асфальтқа құлап, ауыр соққыдан комаға түскен, бірнеше күннен кейін қайтыс болған», - дейді такси жүргізушілері.

Полиция толық мәлімет бермеді, бірақ күдіктіні қамауға алу фактісін растады.

"Полицейлер Петропавлда 60 жастағы такси жүргізушісінің денсаулығына ауыр зиян келтірген күдіктіні ұстады. Жүргізуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тікұшақпен 80 тонна су төгілді: Атырау облысында қамыс өрті сөндіріліп жатыр

Новости партнеров