Шеберлік сағаттары балаларға көрсетілетін офтальмологиялық көмектің сапасын арттырады
Алматыда көз реконструктивті-пластикалық хирургиясы бойынша шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Италиядан келген маман білгенін бөлісіп, отандық дәрігерлермен өзара тәжірибе алмасты. Үш күнге жалғасқан іс-шарада ақ халаттылар балалар мен жасөспірімдерде жиі кездесетін қабақтың формасы мен оны операцияға дайындау кезеңін талқылады. Мамандардың сөзінше, жеткіншектерде болатын бұл көз аурулары туа бітеді. Ал ота тек сырт келбетті жақсартып қана қоймай, көздің толыққанды қызметін қалпына келтіруге сеп. Ұйымдастырушылар мұндай шеберлік сағаттары балаларға көрсетілетін офтальмологиялық көмектің сапасын арттыруға және жаңа әдістерді практикаға енгізуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Қазақстанға жылда келеміз. Осы жолы 10 отандық дәрігер әртүрлі қаладан қатысып отыр. Шеберлік сағатында мамандармен балалар офтальмологиясындағы реконструктивті операциялардың заманауи әдістерін талдап, көру органының күрделі аномалиялары бар науқастарды қарадық», – деді офтальмохирург Даниэль Казаневе (Италия).
Оқи отырыңыз: «Елдің тамыры – кәсіпкерлерде: Алматыда бизнес форумы өтті