Референдумға дейін:
17
күн
10
сағат
24
минут

ҚР азаматтығын алуға үміткерлердің өтініші қашан қабылданады

Дина Болатова
Дина Болатова

Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 ҚР азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 3-13 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 15 наурызда өтеді.

"Тестілеу 3 бөлімнен тұрады: тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36; Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9; Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15. Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60. Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі", - делінген Ұлттық тестілеу орталығы хабарламасында.    

Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді. Сондай-ақ сайтта тегін байқау сынағы ұсынылған.

Оқи отырыңыз: Министрлік Қазақстанда қандай дәрігерлердің жетіспейтіні атады 

 

Новости партнеров