Өрттің жалпы аумағы 625 шаршы метрді құрады
Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданында орналасқан мейрамхана өртенді, деп хабарлайды Аlmaty.tv..
Тілсіз жау Қарағайлы ықшам ауданындағы Бегайыл көшесінде шыққан.
Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, жоғары деңгейде жұмыс атқарды. Өрт сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Бірнеше су оқпандары іске қосылды.
Өрттің жалпы аумағы 625 шаршы метрді құрады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде қызыл жалын толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 285 іс тіркелді