Жапонияда жер сілкінісінен кейін бес кит жағаға шығып қалды

31.07.2025 08:24

Мамандардың түсіндіруінше, ашық теңіздегі цунамиден киттерге қауіп төнбейді

Thomas Kelley/ unsplash.com/

Жапонияның Татеяма қаласында бес кит теңіз жағалауына шығып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жапондық БАҚ-тың жазуынша, жергілікті тұрғындар тірі қалған жануарларға су шашып, оларды құтқаруға тырысқан.

Мамандардың түсіндіруінше, ашық теңіздегі цунамиден киттерге қауіп төнбейді. Алайда толқындар жағалауға жақындаған кезде су күрт шегініп, таяз суда өмір сүретін киттерді уақытша жағаға шығарып тастауы мүмкін.

Euronews мәліметінше, киттердің жағаға шығуы Камчатка маңындағы жер сілкінісінің тікелей салдары екені әзірге нақты анықталмаған. Бұл ауданда күшті цунами болмаған. Кейбір дереккөздер киттердің жағалауға шығуын бұған дейінгі тайфунмен байланыстыруы мүмкін екенін айтады.

АҚШ Геологиялық қызметінің дерегінше, 30 шілдеде Камчатка түбегінде магнитудасы 8,8 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 19 шақырым тереңдікте орналасқан.

Оқи отырыңыз: Алматыда мейрамхана өртенді: зардап шеккендер жоқ