“ҚТЖ-Жүк тасымалына“ 1,42 миллиард теңге айыппұл салынды

22.09.2025 11:48

2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана қаласындағы департаменті шағым негізінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына қатысты тергеу жүргізген.

«Компания өзімен байланысты ұйымдарға, яғни, «KTZ Express» АҚ және «КедентрансСервис» АҚ-ына артықшылық беріп, жеке экспедиторларға кедергі келтіргені анықталды. Бұл әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды.  22 тамыздағы сот шешімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңгe айыппұл салынған. 2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы келген есірткі тәркіленді