36 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды
Атырау облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен сегіз жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аtyrauoil.official Іnstagram-паблигінің жазуынша, 5 маусымда сағат 12:00 шамасында 2018 жылы туған кішкентай қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де қыз баланың ата-анасы полицияға хабарласқан.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 6 маусымға қараған түні сағат 02:19 шамасында қыз баланың денесі Құрсай су қоймасынан табылды. Өкінішке қарай, баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өлімнің ресми себебі әлі анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
Аталған қылмысқа күдікті ретінде 36 жастағы қала тұрғыны жедел ұсталып, сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Полиция мұндай ауыр қылмыстар үшін ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді. Іс бойынша тергеу облыстық полиция департаменті басшысының жеке бақылауына алынды.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда балконнан секірмек болған ер адам құтқарылды