Өзгенің қылмысы үшін кінәсіз адам 40 жыл түрмеде отырған

Мира Байбек
Видеодан кадр
Видеодан кадр

2023 жылы сот жаңа айғақтар мен ДНҚ үлгілерін қайта зерттеп, ешөайсының Клерге тиесілі емес екенін анықтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Калифорния штатында ер адам 40 жыл бойы өзге біреудің қылмысы үшін түрмеде отырып келген, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Straight Arrow News (SAN) басылымының жазуынша, Кеннет Клер 1984 жылы Санта-Ана қаласында 25 жастағы Линда Фэй Роджерс есімді бала күтушіні өлтірді деген күдікпен тұтқындалған.

Оқиға болған уақытта баспанасыз жүрген Клер қылмыс жасалған үй маңындағы қараусыз тұрған ғимаратты мекен еткен екен. Роджерсті белгісіз ер адам зорлап, айуандықпен өлтіріп кеткен кезде үйде қожайындардың балалары мен бала күтушінің ұлы болған, олар басқа бөлмеде ұйықтап жатқан.

Клерге қарсы негізгі дәлел — бұрынғы сүйіктісінің айтқан сөздері ғана болған. Ол Клердің қылмыс орнынан бір заттарды алып кеткенін мәлімдеген. Әйел онымен жасырын микрофон қосып кездесіп, оған қылмысын мойындатуға тырысқанымен, Клер ештеңені мойындамаған.

"Қылмыс орнынан Клердің саусақ іздері де, басқа да нақты айғақтар табылмаған. Марқұм болған күтуші әйел қарап жүрген кішкентай бала қылмыскерді «ақ нәсілді ер адам» деп сипаттаған, ал Клер — афроамерикалық. Соған қарамастан, алқабилер оны кінәлі деп танып, ұзақ мерзімге соттап жіберген. Ал Клер өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, өзгенің қылмысы үшін жаза арқалап кеткенін әрдайым ашық айтып келген", - деп жазады басылым.

Осы уақыт аралығында құқық қорғаушы белсенділер істің қайта қаралуына күш салып келді. Ақыры, 2023 жылы сот жаңа айғақтар мен ДНҚ үлгілерін қайта зерттеуге рұқсат береді. Нәтижесінде, 20 ДНҚ үлгісінің бірде-біреуі Клерге тиесілі болмай шыққан. Керісінше, мамандар екі бейтаныс ер адамның ДНҚ-сы табылғанын мәлімдеді. Бұл қылмысты басқа адамдардың жасағанын айғақтайды.

Қазір Клерді ақтап, бостандыққа шығару үшін белсенділер мен қорғаушы тарап округтік прокуратураға өтініш түсірді. Прокуратура бұл сұранысты жақын арада қарайтынын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда 8 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Новости партнеров