Құрбан айт күні ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

04.06.2025 13:53

ШҚО-да ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады

Аlmaty.tv

Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусымда, яғни жұма күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды», - делінген хабарламада.

Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру – 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.

Оқи отырыңыз: Құрбан айт мейрамы: Алматыда құрбан шалатын орындар белгіленді