Тұрғын үйдегі өрт: қызыл жалын 250 шаршы метрді шарпыған

04.06.2025 13:29

Зардап шеккендер жоқ

Астанада тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көпқабатты баспананың сыртқа қаптамасы мен 14-қабаттағы балконы отқа оранған. Қызыл жалын 250 шаршы метрді шарпыған. 100-ге жуық тұрғын өз бетінше далаға шығып үлгерген. Ал төтеншеліктер 15 адамды құтқарған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

 «Түнгі 00:28-де Сығанақ 23 мекен-жайындағы «Семь бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келгенде 6-16-қабат аралығындағы сыртқы қаптама мен бір балконның жанып жатқаны анықталды. Сағат 1: 37-де өрт сөндірілді. Қызыл жалынмен күреске 72 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылды», – деді Төтенше жағдайлар департаменті ӨСжАҚЖҰБ бастығы Саят Қажымов.

Оқи отырыңыз: Алматыда ірі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды