Күшті желдің салдарынан мұнаралы кран аударылып кеткен
Астанадағы құрылыс алаңында жұмысшының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай 18 шілде күні «Абырой» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Анықталғандай, күшті желдің салдарынан мұнаралы кран аударылып кеткен. Сол сәтте кабинада болған азамат ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
«Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 18 шілдеде сағат 20:00 шамасында құрылыс нысанында мұнара краны құлады. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақшасын алып, денесін көміп кеткен: Қарасай ауданында күдікті ұсталды