Атырау облысына қарасты Доссор ауылында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті сарайдан табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Анықталғандай, қанды қылмысқа оның күйеуі күдікті деп танылған. Марқұм бір айдан бері туыстарымен байланысқа шықпаған. Жақындары дабыл қағып, жоғалғаны туралы полицияға хабар беріпті. Тәртіп сақшылары арыз бойынша зейнеткердің тұрғылықты мекенжайына дереу барып, үйі мен оған іргелес аумақты қарап шыққан. Тексеру кезінде тұрғын үйдің гаражынан әйелдің мүрдесі табылған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу басталды. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты осыдан бірнеше жыл бұрын Орал қаласынан Мақат ауданына қоныс аударған.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық іс қозғалды. 64 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның бар мәнжайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Атырау облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсот.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды