Күйеуін қорғамақ болған: Абай облысында кісі өліміне себепкер болған әйел ақталып шықты

15.04.2026 15:35

Кассациялық шағымда адвокат оның әрекеттерін неғұрлым жеңіл бапқа қайта саралауды сұраған

Аlmaty.tv

Абай облысында күйеуін қорғаған әйел кассациялық тәртіпте ісі қайта қаралып, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Almaty.tv

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының хабарламасына сәйкес, 2024 жылғы шілде айында Абай облысында азаматша С. күйеуін құтқаруға тырысып, оны тұншықтырып жатқан ер адамға ағаш сынығымен бір рет қатты соққы жасаған.

Сол сәтте шабуыл жасаушы оның күйеуінің мойнын аяғымен басып тұрған. Алған жарақат салдарынан шабуыл жасаушы көз жұмған.

"Аудандық сот С.-ны Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар, одан моральдық зиянды өтеу ретінде 3 миллион теңге өндірілген. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды", - делінген со хабарламасында.

Кассациялық шағымда сотталған және оның адвокаты оқиғаның күйеуін шабуылдан қорғау кезінде болғанын көрсетіп, әрекеттерін неғұрлым жеңіл бапқа қайта саралауды сұраған.

Кассациялық сот С.-ның өз күйеуін қорғау мақсатында әрекет еткенімен келісті. Сонымен бірге, сот оның басынан ауыр затпен соққы жасау арқылы қажетті қорғаныс шегінен шығып кеткені туралы түінге келді.

Сонымен қатар оның жасаған ісіне өкінуі, кәмелетке толмаған баласының болуы, III топтағы мүгедектігі, сондай-ақ оқиғаның орын алуына себеп болған жәбірленушінің өзiнің құқыққа қайшы мінез-құлқы ескерілді.

"Нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот алдыңғы сот актілерін өзгертіп, С.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 112-бабының 2-бөлігіне қайта саралап, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Кассациялық қарау кезіне қарай бұл мерзім толық өтеліп қойғандықтан, С. сот отырысы аяқталғаннан кейін қамаудан босатылды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында ірі көлемде МӘМС қаржысын жымқыру дерегі анықталды